Қытайтану кафедрасының оқытушысы Қалиолла Ардақ аударған кітап жарыққа шықтыFarabi University

51

Қытайтану кафедрасының оқытушысы Қалиолла Ардақ аударған кітап жарыққа шықты

29 қаңтар, 2023

Қытайтану кафедрасының оқытушысы Қалиолла Ардақ аударған «Жиі кездесетін ауруларға дәстүрлі қытай медицинасын қолдану терапиясы» аттыкітап жарыққа шықты. Бұл кітап қытай мәдениетінің маңызды бір бөлігі саналатын дәстүрлі қытай медицинасының тарихын қамтиды. Бұл еңбек дәстүрлі қытай медицинасының халықтың денсаулығын сақтаудағы құнды тәжірибесін жинақтайды, сонымен қатар адамның өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал ететін ғылыми тұжырымдарды атап көрсетеді. Адам анатомиясын теория мен практикалық тәжірибеге сүйене отырып зерттеу, түрлі аурудың пайда болуы мен оның өзгеру заңдылықтарын талдау, аурудың алдын алу, науқас адамды емдеп, сауықтыру жолдары сипатталады.Қалиолла Ардақ қиындығы мол аударма ісімен біраз жылдан бері шұғылданып келеді. Соңғы жылдары оның қытай тілінен қазақ тіліне аударған бірнеше кітабы жарыққа шықты. Олар: «Жу Юңсиннің білім беру туралы даналық сөздері», Сұн Зының «Соғыс өнері», «Ян әулетінің отбасылық тағылымы», «Ұстаздарға», «Алма ағашы», «Қытайдың салт-дәстүрі мен музыка мәдениеті» (Қойбақова Айжанмен бірге аударылған). Алдағы уақытта шығатын «Заманауи акупунктура», «Дәстүрлі қытай медицинасының түсіндірмесі» атты кітаптар баспада кезекте тұр. Тарихи және заманауи тақырыптарға негізделген қытай тіліндегі іргелі еңбектерді қазақтілді оқырманға жолдап, екі ел арасына рухани көпір салып жүрген Қалиолла Ардақ ханымға қажымас қайрат, шығармашылық шабыт тілейміз!