Жаңа жылда жаңа ынтымақтастық пен алмасуFarabi University

51

Жаңа жылда жаңа ынтымақтастық пен алмасу

23 қаңтар, 2023

2023 жылдың 17 қаңтарында гуманитарлық мазмұн қоғамының төрағасы (профессор Ким Сан Хон) және басқарма мүшелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде болды. Корей делегациясы жалпы саны 5 адамнан тұрды (Қоғам төрағасы, Сангмёнг университетінің профессоры Ким Сан Хон, Сокён университетінің профессоры Бан Ми Ён, Жаһандық киберуниверситетінің профессоры Ли Кон Ун, Қоғамның аға ғылыми қызметкері Ан У Ри). Гуманитарлық мазмұн қоғамы Кореядағы ең ірі академиялық гуманитарлық мазмұн қоғамдарының бірі болып табылады және осы жылы Қоғамның жаңа төрағасы болып профессор Ким Сан Хон сайланды. 20 жыл бұрын 1938-2002 жылдарға арналған «Ленин кичи» және «Корьё Ильбо» газеттерін цифрландыру жобасын жүзеге асырған профессор Ким Сан Хон қазір Қиыр Шығыс кафедрасының докторанты Хамитова Назеркенің(1курс) шетелдік ғылыми жетекшісі. Сапар барысында Шығыстану факультетінің деканы (проф. Ем Н.Б.) және корей делегациясы алдағы уақытта академиялық іс-шаралар мен жобаларды бірлесіп ілгерілету мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы мәдени мазмұнды зерттеу әдістемесі арқылы корейтануды дамыту үшін ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі пікірлерін білдірді. Кездесу соңында профессор Ким Сан хон өзінің шәкірті Хамитова Назерке және Белялова Айгериммен (Қазақстан бойынша диссертация жетекшісі) тағы бір кездесу өткізіп, онда болашақта докторантға диссертация дайындау жөнінде салиқалы әңгіме өрбіді.