Шығыстану факультетінің деканы докторанттармен кездесу өткіздіFarabi University

51

Шығыстану факультетінің деканы докторанттармен кездесу өткізді

16 қаңтар, 2023

2023 жылдың 10 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы докторанттармен онлайн форматта кездесу өткізді. Жиынды факультет деканы м.а., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ем Наталья Борисовна сөз сөйлеп ашты. Кездесуде ғылыми тағылымдамалар мен академиялық ұтқырлық мәселелері және оларды қаржыландыру, келісім-шарттар, ғылыми жетекшілермен жұмыс және меморандумдар жасау барысы талқыланды.

2022-2023 оқу жылындағы докторлық диссертацияларды қорғау тәртібі туралы ақпаратты ылым кадрларын даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы Құдайбергенова Рената Еркінқызы берді. Кездесуге қытайтану кафедрасының докторанттары Бейсенбаев О., Анипина А.К., Дүйсекина А., Карабасова А., Бисенбаева А. қатысып, ғылыми зерттеулері бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, оқытушылық және шетелдік тағылымдамадан өту тәжірибесі өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында докторанттар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Факультет деканы Наталья Борисовна кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, шығыстану факультеті олардың әрі қарай білім алуына және диссертация қорғауға дайындалуына қолдау көрсетіп, қажетті көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін атап өтті.