2022 жылдың 23 қарашасында Қиыр Шығыс кафедрасында (корейтану бөлімі) 1-2 курс студенттеріне арналған «K-CULTURE DAY» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара 1-2 курс студенттері мен эдвайзерлердің ұйымдастыруымен және профессор Ли Бёнг Джоның жетекшілігімен өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – білім алушыларды Корея мәдениетімен таныстыру, олардың корейтануға деген қызығушылығын арттыру, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Іс-шараның бірінші бөлімінде Қазақстанда және шетелде (Корея, Польша және т.б.) магистратурада грантта оқитын білім алушылар, жұмыс істейтін түлектер мен академиялық алмасу бағдарламалары негізінде оқитын студенттердің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Ал екінші бөлімде түрлі ойындар мен музыкалық нөмірлер ұсынылды (K-POP әні және дәстүрлі корей биі, күй және т.б.) Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Мәдениет күнінде студенттер Корея туралы өз білімдерін толықтырды, сонымен қатар, корей тілі, тарихы мен мәдениетін үйренуге қажетті көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісе алды.
Басқа жаңалықтар

