
Жақында Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің белді оқытушысы Самал Боранқұлова Жапонхалықаралық ынтымақтастықагенттігінің (JICA) бірегей жобасы ретінде 2002 жылы Нархоз университетінде ашылған Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамытуорталығының (KJC) 20 жылдық мерейтойына арнайы шақыртумен қатысып, алғыс хат иеленіп қайтты.
Самал Боранқұлова – елімізде ең алғаш Қазақ ұлттық университетінде ашылған жапонтану бөлімінің алғашқы түлектерінің бірі. Университет бітіргелі бері осы оқу орнында жапон тілін оқытып, жапонтанушы мамандар даярлау ісіне атсалысып келеді. Бірнеше жыл Қазақстандағы жапон тілі оқытушылары қауымдастығына басшылық етті. Одан бөлек, Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінде халықаралық байланыстар бойынша жауапты кісі. Түрлі халықаралық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты маңызды құжаттардың бәрі дерлік Самал сенсейдің қолынан өтеді. Жапондық делегациялармен хат-хабар алысу, күтіп алу, келіссөздер жүргізу, шығарып салу, Жапонияға түрлі бағдарламамен, түрлі мерзімге оқуға кететін студенттердің құжаттарын реттеу сияқты маңызды шаруаның барлығы Самал сенсейдің мойнында. Жапонияның бірнеше университетімен келісімшарт жасасуға еңбегі сіңгеннен бөлек, жапон студенттеріне арналған қысқы және жазғы мектеп ұйымдастыру ісінде де еңбегі зор.
Самал Боранқұлова, сондай-ақ, «Қаржы-банк саласына арналған қазақ тілінің оқу-әдістемелік және сөздік-анықтамалық кешені» жобасының аясында әлемнің ең кең тараған 12 тілін қамтыған банк қызметкерлері және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған сериялық тілдескіштердің жапонша нұсқасы, жапон тілінің басты «Минна но Нихонго» оқулығының қазақша нұсқасының авторларының бірі. Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Ұлттық аударма бюросы ұйымдастырған Абай шығармаларын 10 тілге аудару жобасына қатысып, ақын мұрасын жапон тіліне аударуға да атсалысқан.
Жапон орталығының аталмыш мерейтойында ЖапонияныңҚазақстандағыТөтенше және өкілетті елшісі, Қазақстандағыжапон бизнесмендер қауымдастығының төрағасы сияқты кісілермен қатар мұндай марапатқа ие болуы аға оқытушы, магистр Самал Боранқұлованың жапон тілін оқыту саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегінің көрсеткіші десек болады.
Басқа жаңалықтар

