Араб-парсы жазуы каллиграфиясының көрмесі өттіFarabi University

51

Араб-парсы жазуы каллиграфиясының көрмесі өтті

14 желтоқсан, 2022

9-14 желтоқсан аралығында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирантану бөлімі мен Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдіктің ұйымдастыруымен танымал қазақстандық каллиграф Орынбасаров Асылбек Байұзақұлының араб-парсы жазуы каллиграфиясы бойынша жасаған авторлық жұмыстарының көрмесі өтті. Көрмені студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ факультет қонақтары, атап айтқанда Біріккен Араб Әмірліктерінен келген қонақтар да тамашалады. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері көрмені көруге арнайы келді.