Сапалы маман дайындауға жұмыс берушілер де мүдделіFarabi University

51

Сапалы маман дайындауға жұмыс берушілер де мүдделі

10 желтоқсан, 2022

Нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі маман дайындаудағы бір кемшілік. Ендігі кезекте жұмыс берушінің өзін маман дайындау процессіне араластыру заман талабы. Бұл әлемдік практикада өзінің тиімділігін дәлелдеген әдіс. Бұл мәселе университетіміздің де назарынан тыс қалып отырған жоқ.  Университтің даму стратегиясында бұл бағыт жоғары деңгейде қарастырылған. Осы міндетті жүзеге асыру үшін шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы еліміздегі «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкі» АҚ-ның басшылығымен келіссөздер өткізді.«Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкі» тек қана Қытайдағы емес, сонымен қатар әлемдегі ең ірі банктердің бірі. Шығыстану факультетінде өткен кездесуге Қытай жағынан банк директоры Бәй Миң мырза, Бас операциялық директор Яң Сяогуаң мырза және қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Төлендиева Меруерт ханым қатысты.Келіссөз барысында екі жақ мамандарды барынша қазіргі заманның талаптарына сай дайындаудың жолдарын жан-жақты қарастырды. Атап айтқанда ынтымақтастықтың студенттерді өндірістік практикадан өткізу, тиісінше факультеттің тұрақты практика базасы болу, студенттерді жалғастырып жұмысқа алу шартымен стажировкадан өткізу, екі мекеменің қызметкерлері мен оқытушылардың  біліктіліктілігін арттыру үшін түрлі курстар ұйымдастыру, оқулық, оқу құралдары, сөздіктер құрастыруға және түрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға атсалысу, қыржылай көмек көрсету, үздік студенттерге түрлі стипендиялар тағайындау, түрлі іс-шараларға белсенді қатысу және демеуші ретінде көмектесу сияқты түрлері талқыланды. Сонымен қатар банктың жанынан кафедраның филиалын ашу мәселесі де қарастырылды.Қазір «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкінде» кафедрамыздың 4 бірдей түлегі жұмыс істеп жатыр.Өте жылы атмосферда өткен бұл кездесу екі мекеменің арасындағы ынтымақтастық пен серіктесттікке жасалған алғашқы қадамы болды. Ендігі кезекте осы талқыланған бағыттардың бәрін рет-ретімен жүзеге асыруға күш салынады.