“Араб тілі: өткеннен болашаққа дейін”Farabi University

51

“Араб тілі: өткеннен болашаққа дейін”

1 желтоқсан, 2022

Шет тілін оқытуда әдістер мен тәсілдердің көптігіне қарамастан, тілдік ортаға ену әдісі әрқашан озық болып қала береді. Студенттерге шет тілін үйретуде және меңгертуде сөзсіз екені анық.

Жаңа білім беру үшін де, игерілген білімді жаңарту үшін де ана тілінде сөйлейтін адамдармен жанды қарым-қатынас жасау өте құнды. Үстіміздегі жылдың 25 қарашада күні ТшжОА кафедрасының «шығыстану», «аударма ісі» (шығыс тілдері - араб) мамандығының студенттеріне арналған АҚШ - тың Мизула, Монтана штатындағы Монтана университетінің педагогы Айяш Абдулламен кездесу өтті. Біздің студенттер әріптестерімен тәжірибе алысып, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Айяш Абдулла бұл кездесуде 21 ғасырдағы тиімді қарым-қатынасқа қажетті дағдылар мен көптеген әдістерімен бөлісті. Шығыстану факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары , профессор С.Т. Жакубаева, доцент А. Мұстафаева және кафедра меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары Ф.Т. Жұмажанова қатысып, пікірлерін білдірді.

Айяш Абдулла Монтана университетінде араб тілін оқытудың озық тәжірибесімен бөлісті. Айяш Абдулланың өткізген дөңгелек үстелі қызу пікірталас тудырды. Ол кездесу бұдан кейінде жалғасын тапты.

Іс-шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен табысталды. Осы айтулы оқиғаның ұйымдастырушысы және модераторы филология ғылымдарының кандидаты, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Ф.З. Мамедова өз үлесін қосты.

Осындай дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар, тренингтер біздің студенттерге іргелі білім берудің үнемі дамып отыратын үдерісінің маңызды бөлігі болып табылатыны сөзсіз. Тәжірибелік семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтамыз. Сондай-ақ, Айяш Абдулла университет студенттерінің араб тілін жоғары деңгейде меңгергеніне тәнті болды.