- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының студенттері Тұран университеті ұйымдастырған іс-шараға қатысты
Қытайтану кафедрасының студенттері Тұран университеті ұйымдастырған іс-шараға қатысты

2022 жылдың желтоқсан айының 2-ші жұлдызында "Жібек жолы" үйірмесінің жетекшісі Дүйсенбай Құлпынайдың бастауымен, қытайтану кафедрасының студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Языки региона специализации: турецкий и китайский» атты іс шараға қатысты.
Шараның мақсаты елдердің арасындағы бірлік пен достықты нығайтып, сол елдерді жақынырақ танып білу болды. Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тұран университеті, UIB, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-тері қатысты. Студенттер қытай, түрік ұлттарының нақыштарында әндер айтып, би билеп, өлең оқып және сал-дәстүрлерімен таныстырды. Біздің университетіміздің атынан, Мухамеджанова Мадина Абайдың қара сөзін қытай тілінде мәнерлеп оқыса, Бірлікұлы Ерлік аспаппен қытайша ән орындап, өз өнерлерін көрсетті.
Басқа жаңалықтар

