
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Темірбек Қожекеев атындағы дәрісханасында «Қазақ телевизиясы» көп томдық энциклопедиясының алғашқы 2 томының тұсаукесер рәсімі болды.
Кітап жобасының жетекшісі әрі идея авторы – филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық телевизия және радио академиясының корреспондент-мүшесі Құдайберген Тұрсын. Жарық көрген екі томдық еңбекте алфавиттік тізіммен қазақ телевизиясында маңдай тері, табиғи ізі қалған ардақтылардың есімдері, істеген істері қатталған.
Басқа жаңалықтар

14 мамыр, 2025

14 мамыр, 2025