- Басты бет
- Жаңалықтар
- Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік жне білім беру ортасы: әлемдік жне аймақтық үрдістер мен тенденциялар
Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік жне білім беру ортасы: әлемдік жне аймақтық үрдістер мен тенденциялар

06-07 сәуір, 2021 жылы Ресейдің қаржылық сауаттылықты дамыту қауымдастығы Орел қаласы И.С. Тургенев атындағы Орловский Мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Қазан қаласы Қазан федералдық университеті, Рязань қаласы В.Ф. Уткин атындағы Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университтері сияқты ЖОО біріге отырып, «Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік жне білім беру ортасы: әлемдік жне аймақтық үрдістер мен тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.
Мақсатты аудитория - қаржылық білім берудің еріктілері, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, студенттер жне халықтың қаржылық мәдениетінің деңгейін көтеруге мүдделі басқа адамдар.
Конференция бірінші кезекте қаржылық мәдениетті жетілдіруге жне қаржылық білімді дамытуға, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, іскерлік жне білім беру ортасында қаржылық сауаттылықты дамыту саласындағы ғылыми жне практикалық тәжірибемен, идеялармен жне пікірлермен алмасуға бағытталған. Еріктілер жұмысын белсенді түрде енгізіп жатқан жетекші жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен өкілдері қаржылық білім беруді дамыту жне халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы әңгімелеседі.
Іс-шараға қатысу алдын-ала тіркелу арқылы тегін.
Тіркелу: жне
Басқа жаңалықтар

