«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталдыFarabi University

51

«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталды

1 қыркүйек, 2016

«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталды

«Болашақ» Қауымдастығы «Даму» қорымен бірге жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-жобалардың республикалық байқауының екінші кезеңінің басталғанын хабарлайды. Оның мақсаты жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады.

Жоба 8 бағыттан тұрады: бизнес-ортаны жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрамдалық көрсету, дене шынықтыру жне спортты дамыту, мәдени жне патриоттық мерекелер.

Байқауға Қазақстанның әр түкпірінің жасы 18-ден 29-ға дейінгі кәсіпкерлер қатыса алады. Байқау I орынға – 7 млн. теңге, II орынға – 6 млн. теңге жне III орын үшін - 5 млн. теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді.

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының ҚР Даму Бағдарламасы Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшіш 15 млн. теңге көлемінде гранттар береді.

Ең қызық идеялар авторлары инвесторлардан инвестиция ала алады жне оларға Даму қоры қолдау көрсететін болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» Қорының барлық өңірлерде ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды. Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауының өтуін Республикалқ телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында көруге болады.

«Болашақ»Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

Байқаудың өтуі жне өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты жне сайттарынан жне +7 7172 707 669 телефоны арқылы біле аласыздар.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен әріптестері: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының ҚР Даму Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazlnvestBank» АҚ жен «Qazaq Banki» АҚ