«Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтедіFarabi University

51

«Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді

1 наурыз, 2016

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының аясында Алматы қалалық және аудандық «Жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясы» мүшелерінің қатысуымен «Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Мақсаты: Әл-Фараби мұраларына зерттеу жүргізу, оның «Қайырымды қала тұрғындары туралы» трактатын қазіргі заман талабындағы ақылды қалалар мен ақылды университеттерді қалыптастыру тұрғысында зерттеу.

Міндеті: Ұрпақтар сабақтастығы арқылы ұлы ойшылдың «Қайырымды қаласын» университеттік «51 University Smart Сity» жобасы мен «Айналаңды нұрландыр» және «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» және т.б. бағдарламалар аясында әлеуметтік және ізгілік бағыттарымен ұштастыру.

Әл-Фараби бабамыздың: «Қайырымды қала – адам баласының сау тәні сияқты. Ағзалардың барлығы бір-біріне көмекке келген кезде ғана адам жанын аман алып қалуға болады»,- деген сөздері осы дөңгелек үстелдің негізгі өзегі болады.

Бағдарламада әл-Фараби музейінің жаңа экспозициясымен танысып, бабамыздың «Әлем үндестігін» жастар арасында талқылап, заман талабымен үйлесім табу жолын іздейміз; ақсақал ардагерлеріміздің тілектері мен университеттің жас ғалымдары, оқытушылары мен студенттерінің ғылым саласындағы жаңалықтары мен ізденістерімен танысамыз.

Өтетін уақыты: 2 наурыз 2016 ж. (сәрсенбі), сағ.11:00

Өтетін жері: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 201-бөлме, Ғалымдар клубы, 2-қабат

Ұйымдастырушылар: Университет музейі, әл-Фараби ғылыми –зерттеу орталығы, философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдары, география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша халықаралық ЮНЕСКО кафедрасы, «Ұрпақтар естелігі» атты студенттік ғылыми-ізденіс клубының мүшелері.

Дөңгелек үстел «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының қолдауымен өтеді.