ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗҰУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫFarabi University

51

ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗҰУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

4 тамыз, 2025

Топ жетекшісі Ван Чжэн мырза бастаған делегация құрамында университет қызметкерлері, ғалымдар мен жас зерттеушілер бар. Олар алдымен университеттің тарихи музейінде болып, оқу орнының қалыптасу жолы мен жетістіктеріне қанықты.

ҚазҰУ-дың зерттеу инфрақұрылымы мен инновациялық даму бағыттары да делегацияның үлкен қызығушылығын тудырды. Меймандар география және табиғатты пайдалану факультетінде орналасқан зертханаларды, соның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау орталығын аралап, жүргізіліп жатқан ғылыми жобаларды көзбен көрді. Мұнда экология, геоақпараттық жүйелер, тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану салаларындағы өзекті зерттеулер бойынша ғалымдармен өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ кампус-тур аясында қонақтар ҚазҰУ кітапханасындағы Әл-Фараби музейіне барды. Олар ұлы ойшылдың рухани мұрасымен танысып, мәдени әрі ғылыми құндылығы жоғары экспозицияны ерекше ықыласпен қабылдады.

Кездесу соңында қытайлық делегация қонақжайлығы үшін университет ұжымына алғыс білдіріп, ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейдегі ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі рөліне жоғары баға берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызмет