«Әлеуметтік педагогика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтедіFarabi University

51

«Әлеуметтік педагогика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтеді

15 ақпан, 2016

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты 2016 жылдың 15-27 ақпан аралығында мектеп мұғалімдеріне «Әлеуметтік педагогика» тақырыбында курс өткізеді.

Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Шағырбаева Меңтай Доғдырбайқызы өткізеді.

Семинардың мақсаты: мектептегі әлеуметтік педагогтардың түрлі категориядағы балалармен жұмыс технологиясын, әдістерін, диагностикалау әдістерін меңгерту. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің категорияларымен, теорияларымен, әлеуметтік педагогиканың саласындағы мәселелерімен таныстыру.

Координатор: БАИ директорының мектеп ісі жөніндегі орынбасары Нәлібаева Сара Мәшбекқызы, 2211463