«Абай-Верн» бағдарламасы бойынша стипендия иегерлері
.jpg)
«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының ылым жне жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа жне Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы болып табылады.Осы бағдарлама аясында мамандық таңдауды шектемей, шәкіртақы тағайындауға конкурс жарияланады. Қазақстандық жоғары оқу орындарында 2 жыл оқитын магистранттарға барлығы 35 шәкіртақы жне біріккен ғылыми жетекшілікпен диссертация дайындаумен докторанттарға 3 шәкіртақы қарастырылған.
Физикалық химия, катализ жне мұнайхимия кафедрасының «7М07101 – Мұнайхимия» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары — Нұрым Бекзат, Ерсайнова Дана, Ильяс Сұлтан, Аманжолов Алдияр жне Сайлау Аружан — халықаралық Abay–Vern стипендиясының иегерлері атанды. Бұл стипендия Францияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға бірегей мүмкіндік береді.
Қос дипломды бағдарлама аясында магистранттар 2-курс оқуын Францияның беделді жоғары оқу орындарының бірі — Клод Бернар Лион 1 университетінде жалғастыратын болады. Бұл бағдарлама жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейде жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
"Abai-Vern"стипендиясы шетелдегі оқу мен тұру шығындарын өтеуге арналған жне 10 айлық мерзімді қамтиды. Бұл уақыт ішінде студенттер Францияның озық білім беру жүйесінде сапалы білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.
Магистранттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға оқуда табыс, ғылымда жаңалықтар мен биік жетістіктер тілейміз!
физикалық химия, катализ жне мұнайхимия кафедрасының доценті м.а. Канапиева Ф.М.
Басқа жаңалықтар

