Шетелдік университеттің өкілдері ҚазҰУ-ға келдіFarabi University

51

Шетелдік университеттің өкілдері ҚазҰУ-ға келді

19 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шетелдік жоғары оқу орындары мен институттардың ректорлары және өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында  Алгебра Бернейс университетінің ректоры Мислав Балкович, Лондон университетінің проректоры Джоанн Лил, Астон университетінің халықаралық байланыс жөніндегі басшысы Юлия Уиттем, Ньютон университетінің канцлері Анна Плехата, Бангор университетінің халықаралық байланыс жөніндегі өкілі Джессика Морган, Роберта Гордон университетіндегі бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Сара Хиллиер бар.

Құрметті қонақтарды Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов қарсы алып, ҚазҰУ-дың шетелдік университеттермен серіктестігі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар проректор оқу ордасы шетелдік әріптестермен оқытушылар мен студенттер алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, қосдипломдық білім беру бағдарламасын іске қосу бойынша жұмыстарды жүргізуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде жоғары оқу орнына келген қонақтар ілтипат білдіргені үшін университет басшылығы мен ұжымына алғыс айтып, ҚазҰУ-мен ғылым және жоғары білім саласындағы әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Кейін делегация мүшелері ҚазҰУ мұражайын аралап, білім ордасының тарихы мен жетістіктері жөнінде ақпарат алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі