ҚазҰУ теннисшілері үздіктер қатарында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас спортшылары Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Қыздар арасында үстел теннисінен жекелей жарыстарда медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Әнел Бақыт I орын, медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Ангелина Романовская II орын, география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-курс студенті Аружан Бекіш III орын алды.
Ұлдар арасындағы үстел теннисі жарысында медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Харки Искендер I орын, медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Ерасыл Ғайнеденов пен физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті Нұртуған Сағынтай V орынға ие болды.
Жаттықтырушылар құрамы: ҚазҰУ-дың Спорт клубы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының оқытушылары – Бейсалиев Тимур Маликович, Жаркешев Қуаныш Идиярұлы, Кириенко Светлана Александровна.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 138 жас спортшысы XIII жазғы универсиадада спорттың 16 түрінен сынға түсуде.
ҚазҰУ спортшыларын кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


