ҚазҰУ тоғызқұмалақ жарысында жүлделі болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас спортшылары Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан қыздар арасында командалық жарыста жүлделі үшінші орынға ие болды.
Команда құрамы: механика-математика факультетінің 3-курс студенті Зухра Сейдулла, механика-математика факультетінің 2-курс студенті Райхан Қайрат, физика-техникалық факультетінің 3-курс студенті Мәдина Таңатарқызы, физика-техникалық факультетінің 1-курс студенті Ақерке Шамшархан.
Тоғызқұмалақшы студент жастарды жаттықтырушы – Спорт клубы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының оқытушысы Айнұр Молдахметова.
ҚазҰУ спортшылары жазғы универсиадада спорттың 16 түрінен сынға түсуде.
Студент жастарымызды кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


