- Басты бет
- Жаңалықтар
- Криптология саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық: Ташкент қаласына іссапар қорытындысы
Криптология саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық: Ташкент қаласына іссапар қорытындысы
2025 жылғы 27–29 сәуір аралығында "Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында іссапарда болды.
Сапардың мақсаты – криптология саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық кездесуге қатысу, тәжірибе алмасу және мамандарды бірлесе даярлау тетіктерін талқылау болды.
Сапар аясында құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының өкілдері бар қазақстандық делегацияның іссапары ұйымдастырылды.
Сапар барысында делегация мүшелері Мұхаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (ТАТУ) мен Өзбекстан ұлттық университетінде (ӨҰУ) болды. Мұхаммад әл-Хорезми атындағы ТАТУ-да алдыңғы қатарлы инженерлік мектеп, медиасентр, кітапханалар, ситуациялық және инкубациялық орталықтармен танысу экскурсиясы өткізілді. Сонымен қатар, студенттік жобалар мен ғылыми әзірлемелер көрмесі, өнімдер презентациясы мен университет басшылығымен ынтымақтастық бағыттарын талқылау ұйымдастырылды.
ӨҰУ-де делегация қолданбалы математика және интеллектуалдық технологиялар факультетінің, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы оқу және ғылыми зертханалардың жұмысымен танысты. Кездесулер барысында мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстары және болашақ ынтымақтастықтың ықтимал формалары бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу барысында криптология саласындағы жетекші мамандармен нәтижелі тәжірибе алмасу жүзеге асты. Өзбекстандық тарап ғылыми және білім беру саласындағы жетістіктерімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар

