Қазақ-үнді байланысының алтын көпіріFarabi University

51

Қазақ-үнді байланысының алтын көпірі

12 мамыр, 2025

ҚазҰУ-дың шығыс­тану факультеті шығыс елдерімен ғылым, білім және мәдени байланыс­тар­дың үздіксіз дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Таяуда Астанадағы Свами Вивекананда үнді мәдени орталы­ғының (SVCC) дирек­торы Санджай Веди мырза Қазақ­стан­дағы диплома­тиялық қызметінің аяқталуы­на орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Санджай Веди Свами Вивекананда мәдени ор­та­лы­­ғының басшысы ре­тінде университетіміздің үнді­та­ну бөлімінің ғылыми және мәдени шарала­рын­да қа­зақ­стандық үндітану­шы­­лар­ды үнемі қолдай оты­рып, білім беру са­ла­сындағы халықаралық бай­ланыстарды кеңейтуге мол ықпал жасады. Соның бірі – шығыстану факультетінде ашылған М.Ганди орта­лы­ғының жабдықталуына 8 735 000 теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Сонымен қатар үндітану бө­лімінің студенттерін қа­жет­ті оқу құралдарымен қам­тамасыз етіп қана қой­май, оларды ынталандыру мақ­сатында түрлі қаржы­лай стипендиялар табыс­та­ды.

Санджай Веди мырза 2022 жылы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафе­дра­сы үндітану бөлімінің про­фессорын ICCR бағдар­ла­масы аясында Үндістан Республикасының мұра­ғат­тарында ғылыми зерттеу­лер жүргізу үшін іссапар ұйым­дастырып, қаржы­лан­дыр­ды. 2023 жылы 14-17 ақ­пан аралығында Фид­жи­де өткен Дүниежүзілік хин­ди кон­ференциясына ка­фе­дра­ның хинди тілі оқы­ту­шылары Д.Көкеева, Д.Та­иро­ва, М.Пер­не­құлованың іс­сапар шығындарын қа­р­жы­ландырып, академиялық кеңістікті арттырды.

2023 жылы мамыр айын­да ICCR «Хинди Вишва Ятра (Үндістанға сапар)» бағ­дар­ламасы аясында ұйым­дас­ты­рылған іс-шараға үнді­та­ну бөлімінің үш студентін жі­беріп, қаржыландырды. Сон­дай-ақ Үндістандағы Вард­ха қаласында орна­лас­қан Махатма Ганди атын­дағы Халықаралық хин­ди университетіне, Агра және Дели қалаларындағы Хинди тілі институтына үн­ді­тану бөлімінің үш оқы­ту­шысының сапарын ұйым­дас­тыруға белсенді түрде атсалысып, мәдени алмасу мен білім беру саласында ынтымақтастықты артты­ру­ға өз үлесін қосты.

Ол сондай-ақ 2024 жыл­дың 13-14 наурызында Қа­зақ­станда алғаш рет хинди тілінде ұйымдастырылған «Еуразия мен Үндістандағы үндітану саласының бүгіні мен келешегі» тақы­ры­бын­дағы халықаралық ғы­лы­ми-тәжі­рибелік конферен­ция­сы­ның өтуіне үлкен қар­­жылай қолдау көрсетіп, бұл іс-шараның жоғары дең­гейде өтуіне ықпал етті. Аталған ғылыми-тәжі­ри­бе­лік конференцияға Үндіс­тан, Ресей, Беларусь, Өз­бек­стан, Түрікменстан, Тә­­жікстан және Армения сын­ды елдерден 45 қа­ты­сушының іссапары Санд­жай Веди мырзаның атса­лы­суымен Үндістан үкіметі Ғы­лым және білім ми­нис­трлігі тарапынан толықтай қол­дау жасалынды.

Қазақстандағы Үндістан Республикасы елшілігі жа­нын­дағы Свами Виве­ка­нан­да мәдени орталығының директоры қызметін атқар­ған Санджай Веди мырза үнемі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үндітану бөлі­мі­нің ғылыми жобаларын қол­дап, хинди тілін оқыту және зерттеу жұмыстарын да­мы­ту үшін жаңа идеялар мен бастамаларды іске асырды. Санджай Веди мырзаның басшылығымен Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бағытында ма­ңыз­ды жұмыстар атқарылды.

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы үндітану бөлімі ұжымының атынан С.Веди мырзаға дипло­ма­тия­лық қызмет жолында абы­ройы арта беруіне ті­лек­­тестік білдіреміз.

Бота БОКУЛЕВА,

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті м.а.