
2024–2025 оқу жылының аяқталуына байланысты студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің бірлескен қорытынды жиналысы болып өтті. Жиналысқа студенттік қалашық маманы жоғары студенттер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ белсенді студенттер қатысты. Жиналыста оқу жылы барысында атқарылған жұмыстарға шолу жасалды. Жоғары студенттер кеңесі өз тарапынан өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді. Олардың қатарында тазалық акциялары, студенттер арасында сауалнама жүргізу, бос уақытты тиімді өткізуге арналған кештер мен семинарлар, волонтерлік жобалар мен қайырымдылық акциялары аталды. Кеңес мүшелері студенттер тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды жеткізіп, келесі оқу жылына арналған ұсыныстар тізімін ұсынды.
Басқа жаңалықтар


