- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық ғылыми тағылымдама – заманауи ғылым мен мәдениетаралық диалогтың көпірі
Халықаралық ғылыми тағылымдама – заманауи ғылым мен мәдениетаралық диалогтың көпірі

2025 жылдың 02 сәуірі мен 02 мамыры аралығында Түркия мемлекеті, Хаджеттепе университеті, Әдебиет және Түрік фольклор факультетінде «8D03102-Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2 курc PhD докторантары Хасиетова Ж.Ж. және Базашева С.Е. академиялық алмасу және ғылыми ынтымақтастық аясында шетелдік тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты — шетелдік ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, мәдениттану ғылым саласындағы білімді тереңдету, сондай-ақ шетелдік әріптестермен ғылыми тәжірибе алмасу болды. Бағдарлама практикалық сабақтардан, ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдерден, кітапханалар мен мемлекеттік мекемелерге барудан, және жеке ғылыми далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуден тұрды.
Тағылымдама барысында докторанттар:
- Хаджеттепе университетінде оқытушы-профессорлық құраммен, Түркия елінің ғылыми-зерттеу жүйесі мен тағылымдама өтетін базамен танысты;
- Шетелдік ғылыми жетекші профессор Неби Өздемирмен бірлесіп, зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдады;
- 4 миллионнан астам баспа кітаптары мен 134 тілде басылған 120 миллионнан астам электронды басылымдары бар Түркияның Ұлттық кітапханасы Millet Kütüphanesi, Хаджеттепе университет кітапханасы мен Ататюрк мәдени орталығының кітапханасында зерттеу жұмыстарына қажетті әдебиеттер талданды.
- Далалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде, зерттеу тақырыбына сай мемлекеттік әлеуметтік-мәдени мекемелеріне шолу жасалынды, атап айтқанда «Atatürk Kültür Merkezi», «Anasayfa - Anıtkabir Derneği» және Түрік тарихы мен мәдениет қоры «TÜRKTAV». Аталмыш мекеме басшыларымен кездесулер өткізіліп, алдағы уақыттағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөздер жүргізілді;
- Хаджеттепе университетінде Түрік тарихы мен мәдениет қоры «TÜRKTAV» ұйымдастыруымен 16.04.2025 жылы өткен «Ресей мен Сібірдегі түркі халықтарының бірлескен зерттеулерінің перспективасы» атты конференциясына қатысты.
Тағылымдама нәтижесінде кәсіби көкжиегімізді кеңейтіп, ғылыми тәжірибиемізді байытып, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы құзыреттілігімізді арттырдық. Халықаралық ғылыми тағылымдама – заманауи ғылым мен мәдениетаралық диалогты нығайтып, алдағы уақытта Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

