«ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» арнайы іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан заңгер-ғалымдарының Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Farabi University

51

«ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» арнайы іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан заңгер-ғалымдарының Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2 мамыр, 2025

2025 жылғы 30 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» арнайы іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан заңгер-ғалымдарының Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Қазақстандық криминологиялық қауымдастықпен және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен тәжірибелі мамандары қатысты: Рогов И.И. – ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Қазақстандық криминологиялық қауымдастықтың құрметті президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор; Жалаири Ө.Ш. – Қазақстандық криминологиялық қауымдастық президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор; Сарсенбаев Т.Е. – Narxoz университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор; Джансараева Р.Е. – Қазақстандық криминологиялық қауымдастық вице-президенті, ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор; Дильбарханова Ж.Р. – ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор; Алибаева Г.А. – Қазақстандық криминологиялық қауымдастықтың атқарушы директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор; Айтхожин К.К. – заң ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Сабитова А.А. – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары; Мауленов К.С. – заң ғылымдарының докторы, РФ Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының құрметті профессоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экономика және бизнес кафедрасының профессоры, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты және т.б.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан – Г. А. Маткаримова – заң ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасының Халықаралық университетінің профессоры, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры және соғыс ардагерлерінің жақын туыстары (мысалы, Касымханова Катира Резакуловна және т.б.) қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – тарихи жадымызды сақтау және соғысқа қатысқан қазақстандық заңгер-ғалымдардың үлесін насихаттау болды. Олар майданнан оралып, өз өмірлерін заң ғылымының дамуына, жаңа буын заңгерлерін тәрбиелеуге және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыруға арнады.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми баяндамалар жасалып, мұрағаттық материалдар мен ардагер-заңгерлердің өмірбаяндары ұсынылды. Олардың ерлігі мен ғылыми мұрасының қазіргі құқықтық білім мен жастардың патриоттық тәрбиесі контекстіндегі маңызы ерекше аталып өтті.

Іс-шара ғылыми және кәсіби заңгерлік қауымдастықты, оқытушыларды, студенттер мен магистранттарды, сондай-ақ құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін біріктірді.

Жад, ғылым, ұрпақтар сабақтастығы — дөңгелек үстел мазмұнынан көрініс тапқан негізгі құндылықтар.