- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мультиполярлы әлемдегі Ұлы Еуразия: Глобалдық экономиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Мультиполярлы әлемдегі Ұлы Еуразия: Глобалдық экономиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) «Мультиполярлы әлемдегі Ұлы Еуразия: Глобалдық экономиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.
Конференцияға «Бизнес-технологиялар» кафедрасының э.ғ.к., профессор м.а. Ахметова З.Б. және оқытушы Төлебаева Н.Т. қатысты.
Іс-шараға түрлі елдерден келген жетекші ғалымдар, сарапшылар мен практиктер қатысып, Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның заманауи сын-қатерлері мен болашағын талқылады. Конференцияға қатысу халықаралық ғылыми диалогты нығайтып, академиялық байланысты кеңейтуге ықпал етті.
Сондай-ақ, конференция аясында және БҰҰ-ның ТДМ 4 «Сапалы білім беру» шеңберінде «Бизнес-технологиялар» кафедрасының базасында «Логистика мен маркетингтің жаһандық сын-қатерлері: бизнестің жаңа экономикалық шындыққа бейімделуі» атты секция сәтті өткізілді.
Секция барысында экономикалық үдерістердің жаһандық трансформациясы жағдайында бизнес алдында тұрған өзекті мәселелер мен логистикалық және маркетингтік стратегияларды жаңа шындыққа бейімдеу жолдары талқыланды.
Басқа жаңалықтар


