- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының 75 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының 75 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тіл мен мәдениет контексіндегі құндылықтар жүйесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Іс-шара филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті ғалым әрі бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген ұстаз — Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының 75 жылдық мерейтойына арналды.
Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы ұйымдастырды. Жиынға Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, докторанттар, магистранттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция гибридті форматта – офлайн және Zoom платформасында онлайн өтті.
Басқосуда қазақтанудағы құндылықтар жүйесі, қазіргі тіл біліміндегі аксиологиялық бағыттар, қазақ мәдени кодының семантикалық және прагматикалық трансформациясы, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктіру мәселелері талқыланды.
Конференция профессор Гүлдархан Нұрғазықызының қазақ тіл білімін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін көрсетті. Ғалым 50 жылдан астам уақыт ішінде ондаған ғылым кандидаттары мен докторларын даярлап, 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбек, соның ішінде оқулықтар, монографиялар және сөздіктер жариялады. Сондай-ақ, конференцтя аясында ұстаздың ерен еңбегі, ғылым мен білім саласына қосқан үлесі бағаланып, мемлекеттік және академиялық марапаттар табысталды.
Басқа жаңалықтар


