Экология бойынша Республикалық олимпиадада 3 орынмен құттықтаймыз!
2025 жылғы 28–30 сәуір аралығында «Экология» және «Экологиялық инжиниринг» білім беру бағдарламаларының студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада университет намысын абыроймен қорғады.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында алдын ала іріктеуден өткен студенттер:
👩🎓 Баймұханова А.М., Елеусинова Д.К., Склабовская М.А. («Экология» ББ)
👨🎓 Керімбай Д.С., Махамбетова А.Ғ., Ортай С.Б. («Экологиялық инжиниринг» ББ)
Олимпиада екі кезеңнен тұрды — тест тапсырмалары және ғылыми жобаларды қорғау. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 25 команда қатысты.
Біздің студенттер келесі жобаларды ұсынды:
🔬 «Климаттың өзгеруіне бейімделу тәсілі ретінде гидропоникада цеолиттерді қолдану»
(ғылыми жетекшілері: Досжанов Е.О., Хамитова К.К.)
🏢 «Әкімшілік ғимараттардың жылу сақтау қасиеттерін арттыру арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту»
(ғылыми жетекшілері: Тусупова Б.Х., Курбанова Л.С., Хамитова К.К.)
🎉 РСПО комиссиясының шешімімен «Экология» ББ студенттеріне жүлделі III орын берілді!
Жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! ылыми табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! 💚🌍
Басқа жаңалықтар


