
Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасында 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 – жылдығы мерейтойына орай «Қазақстан – алтын ұя» атты елімізде өмір сүріп жатқан түркі халықтары өкілдерінің студенттермен кездесуі болып өтті. Кездесуге Шымкент қаласы мен Сайрам өңіріндегі Өзбек мәдени орталықтарының басшылары мен ақындары арнайы келіп қатысты.
Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан азаматтар арасындағы ауызбіршілік, өзара келісім, толеранттылық аса маңызды. Елімізде өмір сүретін этностардың басым бөлігін түркі халықтары құрайды. Қазіргі таңда елімізде 600 мыңдай өзбек ағайын өмір сүруде.
Кездесуде PhD доктор Салимжон Ғаниев "Адабий дýстлик, ҳамкорлик", Өзбек мәдени орталығының басшысы Эркиной Султанова "Қозоғистондаги ýзбек адабиёти бугунги кунда», шойра Мохида Юлдашева Шокарим Қудайбердиевтің «Уч аниқ - уч ҳақиқат», қазақ тілі пәні оқытушысы, аудармашы Лобар Юлдашева «Қазақстан өзбек әдебиетінде» тақырыптарында баяндамаларымен қатысты.
Кездесу барысында қонақтарымыз қазақ жеріндегі өзбек ағайындардың ғылымы, білімі, әдеби және мәдени тыныс-тіршілігі төңірегінде ой өрбітті. Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстандағы түркі халықтары шығармаларын ежелгі түркі поэзиясындағы түркілік сарынды қазақ жерінде жалғастырып келе жатқан рухани құндылық ретінде дәріптей отырып, еліміздің ұлттық «Мәңгілік Ел» идеологиясының насихатталуы сараланды. Кездесу соңында өзбек ақындары әсем жырларын оқып, студенттеріміз де өз кезегінде жыр жолдарын арнап, күй тартып, өзбекше, қазақша ән шырқады.
Ұйымдастырушылар: Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: PhD Кудьярова Шолпан Таубаевна, PhD Бүркітбаева Шынарай Дубировна.
Басқа жаңалықтар


