Болашақ судьялар Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметімен таныстыFarabi University

51

Болашақ судьялар Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметімен танысты

29 сәуір, 2025

2025 жылы 29 сәуірде БҰҰ ТДМ № 16 аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 1 курсының 110-тобының студенттері Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  танымдық кездесу ұйымдастырды. Іс шараны заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы, кафедра меңгерушісі Куаналиева Г.А., топ кураторы Бакиров Д. ұйымдастырды.
Кездесу барысында Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісінің басшысы Рузиева М.А. және осы соттың отырысының хатшылары Бейсембек С., Муханбетова Д., Ахметов И және Майлин Е. сот жұмысы туралы мазмұнды және танымдық ақпарат берді.
Аталған сот қызметкерлері сотта қаралатын істер жөнінде, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға қорғаншылық, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандар тарапынан болатын әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты істер туралы баяндап берді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына кәсіби мамандардан  тікелей жауап алды. Құқық қолдану аясындағы мәселелерге қатысты қызу пікір-таластар болды, студенттер мәнді мәліметтермен ғылыми қорларын толықтырды.