Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестікFarabi University

51

Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік

29 сәуір, 2025

29.04.2025 күні Филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Байелі Ә.Ж. №17 жатақхана студенттерімен «(ТМД 17) Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті жандандыру» тұрақты даму мақсаттары аясында «Үкіметтер, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік маңызы» деген тақырыпта кездесу өткізіп қайтты. 
Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті жандандыру мақсатына үкіметтер, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті жандандыру, жетілдіру жатады. Тұрақты даму мақсаттары біздің даму жолымызда ешкімнің артта қалмауы үшін жаһандық серіктестік пен ынтымақтастыққа дұрыс ниетпен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Әлемде табысы төмен және орташа елдер қарыз мәселесімен бетпе-бет келіп, олар қиындық көріп жатыр. Дамушы елдер COVID-19 пандемиясынан кейін сыртқы қарыз деңгейінің бұрын-соңды болмаған өсуімен күресуде, бұл рекордтық инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі, қарызды жеңілдету мен қаржылық көмектің шұғыл қажеттілігін көрсетеді.
Студенттер аталған мақсат бойынша өзара пікірталас өткізіп табысты болу үшін әркім қолда бар және қосымша ресурстарды жұмылдыруы керек, ал дамыған елдер дамуға көмектесу жөніндегі ресми міндеттемелерін орындауы қажеттігі туралы айтылды. Жаһандық серіктестік пен ынтымақтастыққа қол жеткізу жұмыстары әр елдегі азаматтық қоғамда бизнесті және әртүрлі мүдделі топтардың өкілдерін тарта отырып, жүйелі түрде жүргізілуі керек. Аймақтық деңгейде елдер тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді шешеді, ал жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымында, Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда жаһандық деңгейдегі даму мен болып жатқан игі істерді түгендеп, олқылықтар мен туындайтын мәселелерді анықтап, түзету шараларын ұсынып отырады.

Шетел филологиясы және аударма ісі 
кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі