
30 сәуір 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қозыбақова Ф.А. жетекшісімен қазақ филология факультетінің 1-курс студенттері “Ұлы жеңіске 80 жыл” атты ғылыми семинар өткізді. Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең ірі әрі ең қантөгісті қақтығыстардың бірі. Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы қаһармандығы, тылдағы еңбеккерлердің қажырлы еңбегі, эвакуацияланған халыққа көрсетілген гуманистік қолдау –барлығы да еліміздің тарихи жады мен ұлттық рухының айғағы болып табылады.
ылыми семинарға тарих факультетінің деканы Байгунаков Д.С., кафедраның профессор-оқытушылық құрамы: Козыбакова Ф.А, Қалыш А.Б, Арынов Ж.М, Ноянов Е., сонымен қатар тарих факультетінің доценттері Тасилова Н.А., Терекбаева Ж., және арнайы қонағымыз Сулейменов Р.С. қатысты.
Басқа жаңалықтар

