ТДМ 5: Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі гендерлік ерекшеліктердің көрінісіFarabi University

51

ТДМ 5: Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі гендерлік ерекшеліктердің көрінісі

7 наурыз, 2025

2025 жылдың 7 наурызында Филология факультетінде «Аударма ісі» мамандығының 1-курс магистранты Данияр Абканов шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Айгүл Ерболатқызы Алпыспаеваның ғылыми жетекшілігімен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсаты — Гендерлік теңдік шеңберінде «Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі гендерлік ерекшеліктердің көрінісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаттары: қатысушылардың қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің құрылымы мен қолданысындағы гендерлік ерекшеліктерді, олардың мәдени және әлеуметтік нормалармен байланысын түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ тілдік жүйелердің салыстырмалы талдауы арқылы аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Сабақ барысында студенттер тілдік және мәдени әртүрлілікке деген құрметті көзқарас қалыптастырып, тілдегі инклюзивті тәсілдің маңыздылығын ұғынды.
Кураторлық сағат интерактивті форматта өтті: студенттер үш тілді салыстырмалы түрде талдап, тілдердегі гендерлік рөлдердің айырмашылықтарын белсенді түрде талқылады, тіл нормаларының дамуының қазіргі үрдістері жөнінде пікірталас жүргізді. Топтық жұмыс студенттердің белсенділігін, аналитикалық ойлауын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Тапсырмалар пікірталастар, мәтіндерді талдау және рөлдік ойындар сияқты интерактивті әдістер түрінде ұйымдастырылды. Мұндай формат студенттердің тілдердегі гендерлік ерекшеліктер туралы білімдерін бекітуге септігін тигізді.
Өткізілген сабақ студенттерге тіл арқылы қоғамдағы гендерлік рөлдер мен стереотиптердің қалай көрініс табатынын терең түсінуге мүмкіндік берді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқи отырып, студенттер қарапайым сөздер мен сөз тіркестері арқылы ер мен әйел туралы, олардың қоғамдағы рөлі туралы ұғымдардың қалай берілетінін байқады.
Топтық жұмыс, пікірталастар мен өмірден алынған мысалдар студенттерге тілдің тек дәстүрлерді бейнелеп қана қоймай, сонымен бірге қоғаммен бірге өзгеріп, әрбір адамға әділетті және құрметпен қарайтын деңгейге жете алатынын түсінуге көмектесті.
Тілге саналы көзқарас қалыптастыру — теңдік, өзара түсіністік пен құрмет мәдениетін тәрбиелеудегі маңызды қадам. Бұл сабақ сөздердің біздің ойлауымызға және өмір сүретін қоғамымызға қалай әсер ететінін ой елегінен өткізуге жақсы мүмкіндік болды.
Ұйымдастырушылар:
Данияр Абканов, «7M02303 Аударма ісі (Батыс тілдері)» мамандығының 1-курс магистранты
Айгүл Ерболатқызы Алпыспаева, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы.