Магистранттардың педагогикалық практикасының қорытындысы
.jpeg)
«7М02217 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Үкібай Бибол Бауржанұлы мен Рахимбердиев Мади Мұратұлы 2025 жылдың 20 қаңтарынан 5 мамырына дейінгі аралықта Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасыда педагогикалық практикадан өтті.
Практиканың базасы ретінде «6В02207 – Шығыстану» мамандығы бойынша 1–2 курс студенттерінің бакалавриат бағдарламасы алынды. Практика бекітілген жоспар мен педагогикалық практика бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.
Практика басталған кезде магистранттарға педагогикалық қызметтің мақсаттары, міндеттері мен талаптары түсіндірілді. Практика барысында магистранттар түрік тілінде бірқатар ашық сабақтар өткізіп, кафедра оқытушыларының дәрістеріне қатысып, талдау жасап, тиісті құжаттарды рәсімдеді.
Өткізілген практиканың нәтижелері магистранттардың жоғары теориялық және әдістемелік дайындық деңгейін көрсетті. Олар заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырып, студенттермен нәтижелі кері байланыс орнату қабілетін дәлелдеді.
Педагогикалық практика магистранттардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде оқытушылық қызметті жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттерге ие екенін, сондай-ақ шығыстану және аударма салаларында дербес кәсіби қызмет атқаруға дайын екенін көрсетті.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы:
А. Халел ,Э.З. Дулаева
Басқа жаңалықтар

