Қазақтың қос жұлдызы – Әлия мен Мәншүк
.jpg)
24 сәуір күні «6В04103-Экономика» ББ 2 курс студенттермен бірге №16 жатақхананың оқу залында Отан үшін жанын қиған аңызға айналған қос батыр қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған кураторлық сағат өткіздік. Бұл шара тарихи тағылымды жаңғыртумен қатар, қазіргі замандағы маңызды құндылықтармен де тығыз байланыста өтті.
Кураторлық сағат барысында біз батыр қыздардың ерлігі арқылы Тұрақты дамудың 4-мақсаты – “Сапалы білім беру” мен 5-мақсаты – “Гендерлік теңдік” ұстанымдарын талдадық.
Әлия мен Мәншүк – ел үшін ең қымбаттысын – жанын қиған, өз заманының білімді әрі парасатты жастары еді. Олар білім алудың арқасында сана биігіне көтеріліп, туған жерінің тағдырына бейжай қарамаған нағыз азамат болып қалыптасты. Бұл – бүгінгі ұрпақ үшін сапалы білімнің тұлға қалыптастырудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, олардың ерлігі – әйел адамның қоғамдағы рөлінің зор екенін дәлелдейтін жарқын мысал. Гендерлік теңдік тек құқықтық ұғым емес, ол – әйел мен ер адамның бірдей деңгейде қоғам дамуына үлес қоса алатынын дәлелдейтін өмірлік шындық. Әлия мен Мәншүк сол теңдіктің асқақ символына айналды.
Іс-шара жастардың бойында елжандылықты, адамгершілікті, білімге құштарлықты және әділетті қоғам құруға деген жауапкершілікті нығайтады.
Куратор Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар


