- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінде дипломдық және диссертациялық жұмыстарды дайындау мәселелері қаралды
Шығыстану факультетінде дипломдық және диссертациялық жұмыстарды дайындау мәселелері қаралды
29 сәуір, 2025

2025 жылғы 24 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде ылыми кеңестің мәжілісі өтті.
Факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Наталья Борисовна Емнің төрағалығымен өткен мәжілісте бітіруші курс студенттері мен магистранттарының дипломдық және диссертациялық жұмыстарын дайындау барысы талқыланды.
Кафедра меңгерушілері атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, негізгі жетістіктер мен туындаған мәселелерді атап өтті.
Талқылау нәтижесінде келесідей ұсынымдар берілді:
- ғылыми-зерттеу бөлімінің сапасына ерекше мән беру;
- кафедралар деңгейінде жұмыстарды алдын ала тұрақты түрде қарастыру;
- түлектермен кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту.
Мәжіліс конструктивті түрде өтіп, қорытынды аттестацияның тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленді.
Басқа жаңалықтар

1 мамыр, 2025

29 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025