Кеден - экономикалық қауіпсіздік кепіліFarabi University

51

Кеден - экономикалық қауіпсіздік кепілі

25 сәуір, 2025

25.04.2025 жылы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының 16- мақсатын жүзеге асыру аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының және «Жетісу» кеден бекетінің ұйымдастыруымен PhD докторы Қ.М. Қожабек, профессор Г.Т. Айгаринова заң фаультетінің студенттерімен «Жетісу» кеден бекетіне барып, бекеттің тыныс-тіршілігімен танысты. «Жетісу» кеден бекетінің Бас маманы Алиасқарова Айкерім Абухановна кеден бекетінде жүргізілетін кедендік бақылау нысандарымен, оларды жүргізу тәртібімен, кедендік бақылауды қамтамасыз ету шараларымен жан-жақты таныстырды. Кедендік бақылау нысандарын жүзеге асыру үшін қолданылатын аспаптарының, құрылғылардың, рентген аппараттарының, радиациялық бақылауды жүргізу техникасының жұмыс істеу ерекшеліктерін баяндап берді. Сондай-ақ, жеке жете тексеру кедендік бақылау нысаны туралы егжейлі-тегжейлі студенттерге түсіндіріп берді. Сонымен қатар студенттерге уақытша сақтау қоймасының аумағы көрсетіліп, оның жұмыс тәртібі, тауарларды кедендік ресімдеу тәртібі мен тауарлардың кедендік құның анықтау әдістері туралы құнды тәжірибелерімен бөлісті. Кеден бекетінің бас маманы Нүрелов Еркін Тимурович бекеттің жұмысы жайлы ауқымды презентация жасап, кеден қызметінің сан-алуан қиын да қызықты қырларымен студенттермен таныстырды. Алматы қаласы байынша МКД «Жетісу» кеден бекетінің басшысы Құлбарақов Нұрсұлтан Игликович кеден бекетінің атқарып отырған жұмысының нәтижелері, алдыға қойған мақсаттары, кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері жайлы, кеден бекетінің еліміздің экономикалық, ұлттық қауіпсіздігіне қосып отырған үлесі жайлы жан-жақты баяндап берді.