- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны университеттің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды.
Салтанатты ашылу рәсімінде заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангельдиевна Куаналиева құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық экономикалық интеграция жағдайында кедендік құқықты жетілдірудің, цифрландырудың және цифрлық дәліздер арқылы өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Баяндамалар сессиясында төмендегі тақырыптар кеңінен талқыланды:
Сайлаубек Тынышбекұлы Әлібеков (Халықаралық Көліктік-Гуманитарлық Университеті, з.ғ.д., профессор) — Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге қатысу тарихы;
Айкерим Әбуханқызы Әлиаскарова (Алматы қ. Мемлекеттік кірістер департаменті) — кеден ісіндегі практикалық мәселелер;
Серік Ниятбаев (SYNTRON, АҚШ) — заманауи кедендік технологиялар;
Садық Тәңірбергенұлы Есимкулов (М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ) — трансшекаралық су ресурстарының құқықтық мәртебесі;
Бобуршох Боходир угли Ибрагимов (Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, онлайн) — экономикалық қауіпсіздік мәселелері;
Алуа Саламатқызы Ибраева (ҚазҰУ) — қазіргі әлемдегі құқықтың рөлі.
Сондай-ақ конференцияға Қазтұтыну одағы Қарағанды университетінің «ЭПИ» ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Талғат Ахатзиұлы Хасанов пен аталмыш институттың зертхана жетекшісі Александр Виталевич Баширов қатысып, өз салалық зерттеулері негізінде кедендік реттеудің ғылыми-тәжірибелік аспектілеріне қатысты пікірлерін ортаға салды.
ҚазҰУ профессорлық- оқытушылық құрамы — Қанат Мұратұлы Қожабек, Гүлнар Төлеухадировна Айгаринова, Нұрбол Сатыбалдыұлы Жетібаев, Гүлнұр Қойшынқызы Рашева, Эльвира Серікбайқызы Куандыкова және басқа да мамандар кеден саясаты, қылмыстық құқықбұзушылықтар, ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау, цифрлық трансформация мәселелерін талқылады.
Басқа жаңалықтар

