- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық ДНҚ күніне арналған III Халықаралық дөңгелек үстел: «Генетика – өмір туралы ғылымдар мен халық денсаулығы арасындағы көпір»
Халықаралық ДНҚ күніне арналған III Халықаралық дөңгелек үстел: «Генетика – өмір туралы ғылымдар мен халық денсаулығы арасындағы көпір»

2025 жылдың 25 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасы Халықаралық ДНҚ күніне арналған III Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара гибридті форматта (онлайн және оффлайн) ұйымдастырылып, молекулалық генетика, медицина және STEM салаларындағы соңғы жетістіктерді қамтыды.
Биылғы іс-шара генетиканың өмір туралы ғылымдар мен денсаулық сақтау саласын байланыстырудағы рөлін талқылауда маңызды кезең болды.
Іс-шара бағдарламасына бірнеше ғылыми баяндамалар енгізілді, олар келесі тақырыптарды қамтыды:
- «Жасушалардың бағдарламаланған өлімі: қазіргі жағдай» – апоптоз механизмдерін зерттеу әртүрлі ауруларды, соның ішінде қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдістерін табуға мүмкіндік беретінін баяндама, баяндамашы – Каролин институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің апоптоз механизмдерін зерттеу зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Борис Давидович Животовский;
- Злокачестволанған ісік жасушаларының эпигеномикасы – обыр және басқа аурулар кезінде эпигенетикалық өзгерістердің рөлі туралы баяндама, баяндамашы – Н.П. Бочков атындағы МГНЦ-ның эпигенетика зертханасының меңгерушісі, Н.И. Пирогов атындағы РНИМУ жалпы және медициналық генетика кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Владимир Викторович Стрельников;
- Экологиялық және медициналық зерттеулердегі метабаркодинг – микробиологиялық әртүрлілікті зерттеуде генетикалық маркерлерді қолданудың жаңа әдісі туралы баяндама, баяндамашы – СО РАН Химиялық биология және іргелі медицина институтының «Геномика» ұжымдық пайдалану орталығының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты Марсель Расимұлы Кабилов;
- Бактериофагтардың наноантиденелері мен эндолизиндеріне негізделген вакциналар мен дәрілік заттарды әзірлеу – қауіпті инфекцияларды және онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологияларына негізделген әдістер туралы баяндама, баяндамашы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология мәселелері институтының ғылыми қызметкері, PhD Изат Темірғалиевич Смекенов.
Сонымен қатар, өсімдіктердің молекулалық генетикасына арналған екі баяндама ұсынылды:
- Өсімдік вирустық патогендері, баяндамашы – Алматы қаласындағы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық биология зертханасының меңгерушісі, PhD Диляра Александровна Гриценко;
- Ауылшаруашылық өсімдіктерінің микроорганизмдері мен саңырауқұлақтары, баяндамашы – Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы РУДН Университетінің Агробиотехнологиялық департаментінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Елена Михайловна Чудинова.
Іс-шараның модераторы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Молекулалық биология және генетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Айжан Ызбасарқызы Жүсіпова болды.
Бұл маңызды ғылыми шара қатысушыларға генетиканың STEM саласындағы әдіснамалық негіздері бойынша заманауи зерттеулермен танысуға және әртүрлі елдердің ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

