"Көлдер: Уақыт штрихкоды" — Наталия Рудаяның көшбасшылық дәрісі.Farabi University

51

"Көлдер: Уақыт штрихкоды" — Наталия Рудаяның көшбасшылық дәрісі.

28 сәуір, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" және №17 "Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік" бағыттары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде археологиялық зерттеулерде табиғи-ғылыми әдістерді қолдану мәселелеріне арналған ғылыми кездесу өтті.

Іс-шараға Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтының "Кайнозой геохронологиясы" ұжымдық пайдалану орталығының директоры, "PaleoData" зертханасының меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, география ғылымдарының докторы, биология ғылымдарының кандидаты Наталия Алексеевна Рудая арнайы шақырылды. Ол археологиялық зерттеулерде палеодеректердің рөлі туралы дәріс оқыды.

Ғалым өз баяндамасында ежелгі табиғи ортаны қайта қалпына келтіру, мәдени қабаттарды сипаттау және археологиялық ескерткіштердің экологиялық тарихын анықтау үшін жүргізілетін ғылыми жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында студенттер мен жас зерттеушілер ғылыми зерттеу әдістері, палеогеографиялық және палеоэкологиялық деректердің археологиядағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Шара ЦУР-дың мақсаттарына сай сапалы білім мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосты.