"Татулық пен достық – ел бірлігінің негізі" атты мерекелік іс-шараFarabi University

51

"Татулық пен достық – ел бірлігінің негізі" атты мерекелік іс-шара

25 сәуір, 2025

       1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы "Татулық пен достық – ел бірлігінің негізі" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
       Шара барысында кафедрамыздың шетелден келген студенттері — Ауғанстан, Марокко, Бангладеш, Түркіменстан, Сирия және Эфиопия елдерінен  және өзіміздің қазақ студенттері бірлесіп керемет өнерлерін көрсетті.
       Әр елдің студенттері өз мәдениеті мен отанын таныстырып, ұлттық әндері мен билерін орындады. Және де ұлттық тағамдарын дайындап әкеліп, қонақтарға дәм татқызды.
       Бұл мерекелік кеш достықты нығайтып, түрлі халық өкілдерінің бірлігін паш ететін тамаша үлгі болды. Бірлігіміз жарасқан ел болайық, достығымыз мәңгілік болсын!