- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті
2025 жылдың 24–25 сәуір күндері Шымкент қаласындағы М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «6B07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың (РСПО) II кезеңі өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «IQadam» командасы (құрамы: Бержанова Алина, Байжұман Сымбат, Балтабай Шұғыла, ғылыми жетекші — Үсіпбаев Н.Б.) университет намысын абыроймен қорғап, 1-орын иеленді.
Осы күндері, 24–25 сәуірде, Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «6B07303 – Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша РСПО II кезеңі өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Greenland» командасы (құрамы: Ачилбай Айкерім, Ершат Арайлым, Дүйсенбайқызы Ақбаян, ғылыми жетекші — Бектурғанова А.Е.) 2-орын алды.
Студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да үлкен табыстар тілейміз!
Басқа жаңалықтар

