Бесшатыр обаларында археологиялық ғылыми семинар ұйымдастырылды
26 сәуір, 2025
26 сәуір күні "XVII Оразбаев оқулары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жалғасы ретінде Бесшатыр қорымына ғылыми семинар-сапар өткізілді.
Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №15 "Жер ресурстарын қорғау" бағыты аясында ұйымдастырылып, археологиялық және тарихи мұра объектілерін сақтау мен қорғаудың маңыздылығын насихаттауға арналды.
Ғалымдар Бесшатыр обаларының тарихи мәні мен мәдени құндылығын талқылап, археологиялық ескерткіштерді сақтау мен зерттеудің заманауи әдістемелері жөнінде пікір алмасты. Семинар барысында қатысушыларға қорым аумағындағы тарихи құрылымдар таныстырылып, жергілікті табиғи-мәдени ландшафттың маңыздылығы түсіндірілді.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025