- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында физика-техникалық факультеті Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні кездесуін өткізді.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында физика-техникалық факультеті Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні кездесуін өткізді.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында физика-техникалық факультеті Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына арналған таныстыру кездесуін өткізді. Оқушылар факультетке келіп, университеттің оқу, ғылыми және зертханалық базасымен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара барысында оқушыларға факультеттің білім беру бағдарламалары, даярлау бағыттары және болашақтағы кәсіби өсу перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар «Samsung», «Huawei», «Тозаңды плазма және плазмалық технологиялар зертханасы» ғылыми-зерттеу зертханаларына, сондай-ақ «Радиоэлектроника», «Электромагнетизм» және «Атомдық физика» оқу зертханаларындағы жаңа зертханалық қондырғылармен және ғылыми жұмыстардың бағыттарымен танысты.
Факультет оқытушылары оқу тәжірибесімен, ғылыми жобаларға қатысу жолдарымен, сондай-ақ факультетті аяқтағаннан кейінгі тағылымдама мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер жоғары сынып оқушыларының саналы кәсіби таңдауына ықпал етіп, іргелі және техникалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттырады.
Іс-шараға қызығушылық танытып, белсенді қатысқан мектеп оқушылары мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!
Басқа жаңалықтар


