
Студенттік қалашық әкімшілігінің мамандарымен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және тәртіпті сақтау мәселелері бойынша кезекті жұмыс жиыны өткізілді. Жиын барысында студенттер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқу ордасы аумағында қауіпсіз орта қалыптастыру, және төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері қарастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен бастамалар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспары нақтыланды. Сонымен қатар, студенттердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиналыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар студенттердің қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қамтамасыз ету тапсырылды.
Басқа жаңалықтар


