Халықаралық ынтымақтастықFarabi University

51

Халықаралық ынтымақтастық

25 сәуір, 2025

2025 жылдың 24 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Руслан Байбуриев пен Өзбекстан Республикасының Термез мемлекеттік университетінің делегациясы арасында кездесу өтті. Делегация құрамында география кафедрасының аға оқытушысы Назар Эсанов пен экология және топырақтану кафедрасының аға оқытушысы Асадулла Мұхаммадиев болды.

Кездесу барысында рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Руслан Байбуриев қонақтарды кафедраның қызметімен жан-жақты таныстырып, кафедраның ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасы туралы айтты. Сондай-ақ университеттер арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытудың келешегі, соның ішінде студенттер мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ туризм және рекреациялық география саласында жазғы мектептер мен тағылымдамадан өту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында делегация жемісті ынтымақтастыққа ұмтылысы үшін алғыс білдірді. Екі тарап өзара құрмет пен университеттердің ғылыми әлеуетін дамытуға деген ұмтылыс негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.