"Дабыл чемоданы": тұрақты даму мен қауіпсіздікке қосатын үлес
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының "6В11201 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Шаймерден Алинаны студенттік бизнес-инкубатор шеңберінде өткен "Үздік инновациялық жоба" университеттік конкурсында III орын алуымен құттықтаймыз. Оның "Дабыл чемоданы" деп аталатын жобасы Тұрақты қауіпсіздік идеяларын дамытуға қосқан маңызды үлесі болды. Жоба жетекшісі техника ғылымдарының докторы Абдибаттаева Марал Мәуленқызы болды.
Қазіргі қоғам көптеген табиғи және техногенді қауіптермен бетпе-бет келуде. Осы қиындықтарға жауап ретінде «дабыл чемоданы» жобасы төтенше жағдайларда негізгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шағын және функционалды шешім ұсынады. Жоба БҰҰ-ның 11-ші Тұрақты даму мақсатына сәйкес келеді:"Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету".
Уинстон Черчилль айтқандай:"Қауіпсіздік үшін ақы төлеу керек, ал оның жоқтығы үшін шығындаласың". «Дабыл чемоданын сатып алу арқылы біз өзімізді қорғауға және өмірімізді сақтауға үлес қосамыз.
Басқа жаңалықтар

