ТДМ мақсаты 3: Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-3) 2025 жылдың 24 - сәуірде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға Қожахметова А.Н., «Дені сау ұрпақ ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында салауатты өмір салтының негіздері, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден аулақ болу және психологиялық денсаулық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге арналған семинар-тренингтер мен ақпараттық-түсіндірме сағаттары ұйымдастырылды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің «Биология» мамандығының 1-курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігін түсіндіру.
Бұл іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Университеттің ресми сайтында іс-шара туралы толық ақпарат жарияланған.
Басқа жаңалықтар


