- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті Лотарингия университетімен (Франция) қос диплом бағдарламасын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. ТДМ 4 және ТДМ 17
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті Лотарингия университетімен (Франция) қос диплом бағдарламасын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. ТДМ 4 және ТДМ 17

Физика-техникалық факультетте «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат деңгейінде қос дипломды халықаралық бағдарламаны ашу мәселесіне арналған жұмыс кездесуі өтті. Бұл бастама ғылым мен инженерия саласында жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Лотарингия университетімен (Université de Lorraine) бірлесіп жүзеге асырылмақ. Жоба аталмыш университеттің ылым және технологиялар факультетімен (Faculté des Sciences et Technologies, FST) серіктестікте іске асырылады: .
Кездесуге механика-математика факультетінің өкілдері, Лотарингия университетінің делегациясы, физика-техникалық факультеттің деканы, оқу және халықаралық істер жөніндегі декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Талқылау барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
- оқу жоспарларының құрылымы, пәндерді өзара тану және кредиттерді есепке алу мүмкіндігі;
- студенттердің екі жоғары оқу орнында білім алуының үлгісі;
- академиялық және тілдік талаптар.
Лотарингия университеті Erasmus+ бағдарламасына белсенді қатысады және инженерлік әрі ғылыми бағытта дамыған еуропалық университеттердің қатарында. FST факультеті қазақстандық студенттерге заманауи зертханалар, ағылшын тіліндегі модульдер және пәнаралық білім беру тәсілдерін ұсына алады.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие және университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес академиялық мобильділік пен қос диплом бағдарламаларын кеңейтуге ұмтылады.
Күтілетін нәтижелер:
- халықаралық біліктілігі бар кадрларды даярлаудың жаңа траекториясын ашу;
- студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейту;
- ҚазҰУ түлектерінің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Қазақстан мен Франция арасындағы ғылыми-білім беру алмасуын дамыту.
Бағдарлама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді:
- ТДМ 4 – Сапалы білім: халықаралық білімге қолжетімділікті кеңейту;
- ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік: халықаралық академиялық байланысты нығайту.
Бағдарламаның іске қосылуы, іріктеу талаптары мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат қосымша жарияланады.
Басқа жаңалықтар


