- Басты бет
- Жаңалықтар
- Білім саласындағы әйелдер көшбасшылығы: Алматыда ЮНЕСКО қолдауымен тренинг өтті 🌍👩🏫
Білім саласындағы әйелдер көшбасшылығы: Алматыда ЮНЕСКО қолдауымен тренинг өтті 🌍👩🏫
25 сәуір, 2025

2025 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында «Серіктестік және көшбасшылық: Қазақстандағы әйелдердің білім беру саласындағы әлеуеті» тақырыбында тренинг өтті. Шараны «Азаматтық қоғамды дамыту» қоғамдық қоры ЮНЕСКО-ның қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.
Академиялық қауымдастықтың өкілі ретінде, сондай-ақ БҰҰ-ның ТДМ №5 іске асыру аясында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Сураева Карина Сергеевна тренинг жұмысына қатысты. ⚖️📚
Іс-шараның мақсаты — білім беру саласында еңбек ететін әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру, серіктестік байланыстарды дамыту және гендерлік теңдікті ілгерілету болды. 💪🤝
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025