Қасиетті Құран – ғасырлардан жеткен мұра: ашық дәріс пен ашық семинар

2025 жылдың сәуір айында «Құранның ең көне қолжазбалары және оның мәтінін қосу тарихы» тақырыбында маңызды ғылыми-ағартушылық бағыттағы ашық дәріс және ашық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – Құран мәтінінің тарихи қалыптасу кезеңдерін, алғашқы қолжазба нұсқаларының ерекшеліктерін, сақталған көне мұралардың маңызын студенттер мен жас зерттеушілерге таныстыру.
Ұйымдастырушылар:
– Исламтану мамандығының 1 курс магистранты Нұрғазы К.Д.
– Педагогикалық практика жетекшісі, PhD, аға оқытушы Мұқан Н.
Дәріс барысында әлемдегі ең көне Құран қолжазбалары – Бирмингем, Ташкент, Сан‘а және Топкапы нұсқалары жөнінде тың деректер ұсынылды. Қолжазбалардың сақталуы, текстологиялық талдаулар мен ғылыми интерпретациялар кеңінен сөз болды.
Семинардың ерекшелігі – қатысушылар сұрақ-жауап арқылы тақырыпты тереңірек ұғынып, заманауи Құран зерттеу әдістері туралы ақпарат алды. Ашық форматтағы шара студенттердің ғылыми қызығушылығын оятып, Ислам тарихының күрделі кезеңдеріне жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар


